Кіріспе:
Депрессия (үлкен депрессиялық бұзылыс) - адамның сезінуіне, ойлауына, әрекетіне және әлемді қабылдауына теріс әсер ететін кең таралған әрі елеулі психикалық ауру. Кейде көңілсіздену немесе "көңіл-күйдің түсіп кетуі" адами тәжірибенің қалыпты бөлігі болып саналады. Дегенмен, депрессия диагнозы қойылу үшін жоғарыда аталған белгілер күннің көп бөлігінде, дерлік күн сайын, екі аптадан астам уақыт бойы сақталуы және күнделікті қызмет атқаруда айқын өзгеріс болуы қажет.
Депрессия туралы ғылым
Расында, бұл процеске химиялық заттар қатысады, бірақ мәселе бір заттың тым азайып, екіншісінің тым көбейіп кетуіне ғана байланысты емес. Керісінше, бұған нерв жасушаларының ішінде де, сыртында да әрекет ететін көптеген химиялық заттар қатысады. Біздің көңіл-күйіміз, қабылдауымыз және өмірді қалай сезінетінімізге жауап беретін динамикалық жүйені миллиондаған, тіпті миллиардтаған химиялық реакциялар құрайды. Мидың бөліктерінде мынадай өзгерістер орын алады:
Бадамша дене (амигдала) мидың терең орналасқан құрылымдар тобының бөлігі болып табылады және ашу, ләззат, қайғы мен қорқыныш сияқты эмоцияларға байланысты. Депрессия кезінде бадамша дененің белсенділігі артады. Белсенділіктің бұл жоғарылауы уақыт өте оның үлкеюіне әкелуі мүмкін.
Депрессиясы бар кейбір адамдарда гиппокамп мөлшері кішірек болады, ал зерттеулер стресс гормондарының ұзақ уақыт әсер етуі осы мида бөлігіндегі нейрондардың өсуіне кедергі келтіретінін көрсетеді. Гиппокамп ұзақ мерзімді жадыны өңдеуде маңызды рөл атқарады
Адам миы электр импульстары мен химиялық сигналдар арасындағы нәзік тепе-теңдік негізінде жұмыс істейді, дәл осы тепе-теңдік біздің сезінуімізді, ойлауымызды және әлемге қалай әрекет ететінімізді анықтайды. Мидың эмоционалды орталықтарында, атап айтқанда бадамша дене мен гиппокампта, бұл тепе-теңдік нейрон белсенділігін қоздыратын немесе тыныштандыратын нейромедиаторлардың үздіксіз алмасуы арқылы сақталады. Стресс немесе жарақат созылмалы сипат алғанда, осы сигналдарды реттеу бұзыла бастайды: кейбір аймақтарда шамадан тыс қозу, ал басқаларында белсенділіктің төмендеуі байқалады. "Көңіл-күй мен эмоцияларды реттеуге жауапты мидың жоғары орталықтарындағы нерв жасушалары арасында глутамат пен ГАМҚ сияқты химиялық хабаршылар бар." Дәл осы екеуі мидың ең көп таралған нейромедиаторлары болып табылады. Олар мидың өмір бойы қалай өзгеріп, дамитынын анықтайды. Адам созылмалы стресс пен мазасыздықты бастан кешіргенде, нерв жасушалары арасындағы кейбір байланыстар үзіледі. Нәтижесінде зақымдалған жасушалар арасындағы байланыс "шусыраған" болып қалады. Көптеген ғалымдардың пікірінше, дәл осы шу және байланыстардың жалпы жоғалуы депрессияның биологиялық негізін құрайды.
Депрессияны неге байыппен қарау керек?
Өкінішке қарай, Аурулардың алдын алу және бақылау орталықтарының (CDC) мәліметінше, соңғы жылдары суицид жағдайлары азайғанымен, әсіресе жастар арасында суицидке болжамды әрекеттер саны артып келеді. Өз-өзіне қол жұмсаған адамдар арасында ең жиі кездесетін негізгі ауру - депрессия.
Депрессияның кең таралған белгілеріне шаршағыштық, ұйқы бұзылысы, тәбет өзгерісі және дене ауырсынуы жатады. Эмоционалды белгілер арасында іс-әрекетке қызығушылықтың жоғалуы, жиі көңілсіздену, көңіл-күйдің күрт өзгеруі, жылау ұстамалары, үмітсіздік және эмоционалды сезімсіздену жиі кездеседі.
Депрессия - мидың негізгі химиялық заттарының, атап айтқанда серотонин, дофамин, норадреналин және ГАМҚ тепе-теңдігінің бұзылуымен байланысты неврологиялық бұзылыс. Осы нейромедиаторлардың төмен деңгейі көңіл-күйге, мінез-құлыққа, ұйқыға және шешім қабылдау қабілетіне әсер етуі мүмкін.
Депрессияны емдеудің маңызы
Зерттеулер емделмеген депрессия мен дене денсаулығы мәселелері арасында айқын байланыс бар екенін көрсетеді. Депрессиясы бар адамдарда жүрек ауруы, қант диабеті және семіздік сияқты созылмалы аурулардың даму қаупі жоғарырақ.
Депрессияға тән үздіксіз эмоционалды күйзеліс пен физиологиялық өзгерістер осы денсаулық мәселелерінің пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Оның үстіне, емделмеген депрессия жиі ұйқы мен тәбетті бұзады, бұл дене денсаулығы мәселелерін одан әрі ушықтырады.
Қорытынды:
Депрессияны "көру" мүмкін емес, себебі ол адамды ішінен жей береді. Ол соншалықты көп күш-қуатты сарқады, соның салдарынан адамда істерін аяқтауға, тіпті тамақтануға да ниет қалмайды. Науқастар ауру атауынан емес, жоғарыда аталған белгілерден зардап шегеді. Өкінішке қарай, осы үмітсіздік пен шындықтан алшақтау суицидтік ойлар мен әдеттен тыс мінез-құлыққа әкелуі мүмкін. Бақытымызға қарай, қажетті емдеу, терапия сеанстары мен дәрі-дәрмектер арқылы мұның алдын алуға болады.
Дереккөздер:
Singh, M. K., & Gotlib, I. H. (2014). The neuroscience of depression: Implications for assessment and intervention. Behaviour Research and Therapy, 62, 60‑73. https://doi.org/10.1016/j.brat.2014.08.008
Yale Medicine. (n.d.). How depression affects the brain - Neurobiology of depression. Yale Medicine. Retrieved November 3, 2025, from https://www.yalemedicine.org/news/neurobiology-depression
American Psychiatric Association. What is depression? Retrieved November 3, 2025, from https://www.psychiatry.org/patients-families/depression/what-is-depression
Harvard Health Publishing. (2022, January 10). What causes depression? Harvard Health. https://www.health.harvard.edu/mind-and-mood/what-causes-depression
Stevens, A. (2021, October 19). Why depression should be taken seriously. The Heights Treatment. Retrieved November 3, 2025, from https://theheightstreatment.com/why-depression-should-be-taken-seriously/
Alchemy Wellness & Ketamine Therapy. (2024, February 20). Why is it important to treat depression? Retrieved November 3, 2025, from https://wellwithalchemy.com/why-is-it-important-to-treat-depression/
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз Кіру