Сіз Күн Сайын Кездесетін Жасырын Канцерогендер
Қоғамдық денсаулық Мақала

Сіз Күн Сайын Кездесетін Жасырын Канцерогендер

Egamberdiyeva Hadicha 14 Jan, 2026 3 мин оқу

Сіз Күн Сайын Кездесетін Жасырын Канцерогендер

Автор: Хадиша Эгамбердиева

Канцерогендер дегеніміз не?

Атауы жүрекке қорқыныш салатын обыр ешқашан бір түнде дамымайды. Ол әдетте бірқатар сыртқы факторлар, қартаю немесе кейде тамақтану тәртібінен туындайды. Обырға апаратын факторлар канцерогендер деп аталады, өкінішке орай, оларды білу ауруды емдеуге онша кӛмектеспейді. Олардың кейбіреулері күнделікті өмірімізге сонша сіңіп кеткен, тіпті зиянын да сезбейміз. Алайда олар туралы хабардар болу алдын алу шараларын түсінуге және денсаулығымызға саналы қарауға жәрдем береді.

Канцерогендер обырдың дамуына ықпал ететін немесе бар обырды күшейтетін кез келген факторлар. Олар алкоголь немесе темекі түтіні сияқты химиялық заттар, иондалған сәуле сияқты физикалық процестер, вирустар немесе бактериялар сияқты биологиялық бірліктер немесе өрт сөндіруші сияқты кәсіп те болуы мүмкін.

ДДҰ жанындағы Халықаралық обырды зерттеу агенттігі (IARC) канцерогендерді обырды тудыру ықтималдылығына қарай 5 топқа бөледі: 1-топ канцероген, 2А-топ канцероген болуы ықтимал, 2В-топ канцероген болуы мүмкін, 3-топ жіктелмеген, 4-топ канцероген емес. Егер бір дереккөз белгілі бір зат 4-топтағы канцероген деп жазса, бұл аталған зат обырдың дамуына ықпал етпейді дегенді білдіреді.

Канцерогендік факторлар таасир ету сипатына қарай екі топқа бөлінеді: ДНҚ-ны тікелей зақымдап, ісік дамуын бастайтын инициатор агенттер және ДНҚ-ға тікелей зиян тигізбей, бар ісіктің өсуін қолдайтын ісік промоутерлері.

Айналамыздағы Канцерогендер: Неден Аулақ Болу Керек?

Ацетальдегид алкогольдің толық тотықпаған өнімі болып табылады. Ол жоғары реакциялылыққа байланысты өте улы. Хомяктарда жүргізілген тәжірибелер оның мұрын мен кеңіртпек обырына себеп болатынын көрсетті. Өнеркәсіп аймақтарынан тыс жерде адамдар ацетальдегид буын сирек жұтса да, ол алкоголь тұтыну, темекі шегу және пассивті темекі шегу арқылы ағзаға тұсе алады.

Тальк А2 тобының канцерогені ретінде жіктелген. Бұл ұнтақ тәрізді зат болып, оның құрамында канцерогендік қасиеттері дәлелденген асбест болуы мүмкін. Жылдар бойы ол құрылыста, оқшаулауда, машина жасауда және фармацевтикада қолданылды. Асбест табиғатта жартастардың эрозиясынан пайда болса да, аз мөлшерде қауіпті емес. Сондықтан косметикалық өнімдердегі аз мөлшердегі тальк та қауіпті деп саналмайды. Алайда өнеркәсіптік өндірісте асбест пен тальк шаңына кәсіби ұшырасу жұмысшылардың денсаулығына ауыр зиян тигізуі мүмкін.

Ультракүлгін сәулелер тері обырының негізгі себептерінің бірі болып саналады, өйткені шамадан тыс UV сәуле шығару ДНҚ-ны тікелей зақымдайды. Күн сәулесі D витаминін синтездеуге және теріні күйдіруге ықпал ететін жоғары жиілікті UV сәулелерін қамтиды, бірақ тері обыры қаупін азайту үшін далаға шыққанда SPF қорғанысын қолдану маңызды.

Қызыл және өңделген ет А2 тобының канцерогендік факторы ретінде расталған. Қызыл ет кез келген сүтқоректі жануарлардың еті деген мағынаны білдіреді: сиыр, бұзау, қой, шошқа т.б. Өңделген ет тұздау, ысталу, кептіру немесе ашыту арқылы дайындалған өнімдерді білдіреді. Қызыл ет тұтыну мен тікелей ішек обырының арасындағы байланыс анықталып, содан кейін ет құрамындағы гем темірінің канцерогендік қасиеттері ашылды. ДДҰ қызыл етті құс еті, теңіз өнімдері немесе өсімдіктен алынатын ақуыз көздерімен алмастыруды ұсынады.

Эстроген терапиясы менопауза кезінде гормоналдық тепе-теңдігі бұзылған әйелдерге жиі тағайындалады. Ол менопауза белгілерін жеңілдетсе де, шамадан тыс эстроген терапиясы жатырдың эндометрийі мен аналық без обырын тудыруы мүмкін.

Қорытынды

Канцерогендерден толықтай қауіпсіз болу мүмкін емес. Алайда денсаулығымыз бен игілігіміз өз қолымызда. Тамақтануды теңдестіру, белсенді өмір салтын ұстану, жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау және айналамыздағыларды канцерогендер туралы хабардар ету арқылы обыр қаупін айтарлықтай азайтуға болады.

Деректер көздері: Халықаралық обырды зерттеу агенттігі, Монографиялар 114-140 (2018-2025). Американдық обыр қоғамы, менопаузальдық гормоналдық терапия және обыр қаупі (2026).

жасырын канцерогендер күнделікті канцерогендер қатерлі ісік қауіп факторлары тағамдағы канцерогендер өңделген ет және қатерлі ісік ультракүлгін және тері қатерлі ісігі қатерлі ісіктің алдын алу үйдегі канцерогендер ауа ластануы және қатерлі ісік өмір салты және қатерлі ісік алкоголь және қатерлі ісік қатерлі ісік неден шығады

Бұл жазбамен бөлісу:

Ұнайды (Мақалаларды ұнату үшін жүйеге кіріңіз)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз Кіру

Ұқсас мақалалар